2025 жылғы 22 желтоқсанда «Астанастройэнерго» ЖШС Энергетиктер күнінің кәсіби мерекесі күні еңбекте ерекшеленген өз қызметкерлерін атап өтті.
Саладағы көп жылғы еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ведомстволық наградаларымен келесі қызметкерлер марапатталды: «Еңбек сіңірген энергетик» төсбелгісімен – ЖЭО -1 жылу — механикалық жабдықтарды жөндеу цехының бастығы Полец Виктор Антонович, Партус Александр Викторович— ЖЭО-1 жылу-механикалық жабдықтарды жөндеу цехының қазандық жабдықтарын жөндеу учаскесі цех бастығының орынбасары, Шайдуллин Самат Ташенович -қазандық және тозаң дайындау цехтарының жабдықтарын жөндейтін 6 разрядты слесарь; «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалімен — Мурат Қуанышбекович Нарбаев — мамандандырылған жөндеу цехының ЖЭО-2 мамандандырылған жөндеу учаскесінің 5-разрядты қазан тазалаушы. Сонымен қатар, «Астанастройэнерго» ЖШС номинациялары бойынша қол жеткізген нәтижелері үшін «Үздік маман», «Үздік шебер», «Үздік цех бастығы», «Үздік учаске», «Алтын қолды шебер» және т.б. сияқты үздік жұмыскерлер Құрмет грамоталарымен және ақшалай сыйақылармен марапатталды. Мереке құрметіне басшылықтың құттықтауларымен бірге мерекелік фуршет ұйымдастырылды.
















Сертификаттар






